Бас тақырып

Қолда – үшінші Олимпиада жолдамасы

Париж Олимпиадасының жолдамасын Қарағанды облысынан батуттық гимнастикадан Данил Мұсабаев жеңіп алды деп сүйіншіледік. Күні кеше жүзу спортынан Ксения Игнатова екінші жолдаманы иеленді деп тағы бір қуандық. Енді, міне, облыс қоржынына үшінші жолдама түсті. Бұл жолы жеңіл атлетика бағдарламасындағы кедергілермен жүгіру сайысы бойынша Давид Ефремов төрт жылда бір келетін дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Суреттер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен

Осыдан бірнеше ай бұрын Давид Ефремов Тегеран қаласында (Иран) жеңіл атлетикадан өткен жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанған еді. Десе де, ол уақытта олимпиада ойындарына жолдама иегерлерінің тізімі  жарияланбаған. Кейінірек, спорттың осы түрі бойынша олимпиада рейтингінің әлемдік қорытындысы шығып, үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға лицензия берілді. Сол лицензия иегерлерінің тізімінде жерлесіміздің есімі де аталды. 

– Иранда өткен бәсекеде Давидке үміт артқан едік. Керемет спортшы. Әрі ел чемпионатының, одан қала берді Азия чемпионатында рекорд жаңартып жүрген тәжірибелі спортшы. Сол чемпионатта Давидтен Олимпиада жолдамасын күткен едік. Уақыт өте жолдама иеленгенімізді естіп, қатты қуандық. Енді Олимп шыңын бағындырады деген үміттеміз, – деді  жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов.

Жерлестер бүгінде Алматы облысында өтетін ұлттық құраманың жиынына қатысуда. 29 шілдеде Парижге ұшады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button