Аймақ

Қолайсыз метереологиялық ахуалдың себебі анықталды

Қолайсыз метереологиялық ахуалдың хабарлануына байланысты Қарағанды облысы бойынша экология департаменті атмосфералық ауаға өлшеу амалдарын жүргізді.

Сурет: облыстық экология департаментінен

Өлшеулер келесі аудандарда жүргізілді: жаңа базар ауданы, облыс әкімдігі ауданы, Михайлов ауданы, Пришахтинск, Майқұдық, Оңтүстік-Шығыс. Қалыпты шектен асып кету жайттары Ключевая көшесі 35а ауданында (көміртегі оксиді – 8,6 ШРК, азот диоксиді – 2,4 ШРК, азот оксиді – 6,9 ШРК), Қазақстан көшесі ауданында (күйе – 22,4 ШРК) анықталды. №6 ПМЗ (Майқұдық) бекеті ауданында: көміртегі оксиді – 2,0 ШРК, азот диоксиді – 1,2 ШРК, азот оксиді – 1,5 ШРК, шаң -4,1 ШРК, күйе-15,0 ШРК.
Басқа аудандарда да ластаушы заттардың 1,5-2,0 ШРК шамалы асып кетуі тіркелді.
Теміртау қаласы бойынша шектен асу өлшемі тек азот диоксиді бойынша 7,65-тен 14 ШРК-ға дейін тіркеледі.
Шектен асып кету жиілігін атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингін жүргізу саласындағы уәкілетті орган анықтады.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша асып кетулер тек жеке секторда (№6 Майқұдық ПМЗ) орналасқан бекеттерде, атап айтқанда 5,5 ШРК азот оксиді, 11 ШРК азот диоксиді, 1,3 ШРК көміртегі оксиді, РМ 10,4 ШРК, РМ 2,5 – 7,6 ШРК өлшенген заттар бойынша, жалпы шаң 2,4 ШРК. Бұл фактілер жеке сектордың (пешпен жылыту) қаламыздың атмосфералық ауасының жай-күйіне әсерін тағы да растайды.
Негізінен ластаушы зиянды қалдықтар отын жағу әсерінен бөлінгенін атап өту қажет.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button