Спорт

Қола медаль иеленді

Жерлесіміз Абылайхан Жүсіпов Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда ол 2009 жылы Әлем чемпионатында Серік Сәпиевті жеңген ресейлік Андрей Замковке есе жіберді. 

Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жеңіліске қарамастан, бұл жекпе-жек жақсы өтті деп санайды. 
– Мен бапкермен әзірленген тактиканы ұстануға тырыстым. Әрине, кемшіліктер болды. Біз әлі жекпе-жекті талдап үлгерген жоқпыз, бірақ міндетті түрде оны зерделеп, «қателікпен жұмыс істейміз», – деді боксшы. 
Спортшының айтуынша, бұл әлем чемпионаты оның қатысқан ең күтпеген оқиғаларының бірі болды. Себебі, еліміздің әрбір салмақ дәрежесінде бұрын халықаралық аренада өнер көрсетпеген жас былғары қолғап шеберлері өнер көрсеткен. 
Қазір Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы лицензиялық турнирге дайындық үстінде. Бұл чемпионатта сәтті өнер көрсету біздің боксшымызға Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алуға мүмкіндік бермек. 
 

Басқа материалдар

Back to top button