АймақБас тақырыпҚарағанды

Облыс полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады

Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

Сурет: gov.kz

Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өзінің телеграмм-арнасын құрған. Осыдан соң ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан.

Қазіргі уақытта телеграмм-арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығын тексеруде.

Полиция шұғыл қызметтердің шығыны өтеу үшін сотқа талап-арыз бермек. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Тергеу жалғасуда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button