Жаңалықтар

Облыс полицейлері Қазақстанда заңсыз жүрген 28 шетелдікті ұстады

20 қарашада Балқаш қалалық ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері Қарағанды ​​облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Алматы-Екатеринбург тас жолында рейд жүргізді.

Сурет: полиция департаментінен

Сағат 3.00 шамасында олар Астанадан Сарыағашқа бағыт алған автобустан ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 25 азаматы мен Тәжікстанның 3 азаматын анықтады. Олардың елде болу мерзімі 1,5 айдан 9 айға дейін асып кеткен.

– Аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы бойынша әкімшілік соттың қарауына жолданды. Шешім шыққанша шетелдіктер қонақүйге уақытша орналастырылып, ыстық тамақ пен ауыз сумен қамтамасыз етіледі, – деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Уалиев.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button