Жаңалықтар

Облыс орталығында – “Оқырман автобус”

Мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен ұйымдастырылу сапасын өзгерту мақсатында облыстағы сегіз мектепке дейінгі білім беру ұйымында «Жас оқырман» жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.

Тың жобаны іске асыруға кіріскендер қатарында «Снегурочка» (Шахтинск қаласы), «Колокольчик» (Саран қаласы), «Балбөбек» (Шет ауданы), «Балдәурен» (Бұқар жырау ауданы), «Айгөлек» (Жезқазған қаласы), «Жұлдыз» (Балқаш қаласы), «Айсұлу» (Қарағанды қаласы) және «Самал» (Теміртау қаласы) бар.

Оның аясында тәрбиеленушілердің ата-аналарының, педагогтердің әлеуметтік-мәдени және оқырман ретіндегі құзіреттілігін арттыру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын басқару моделін құру мақсаты көзделеді. Осы орайда «Айсұлу» бөбекжайының мамандары айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарды. «Оқырман қаласы», «Сүйікті қаламыздың мейірімді әлемі» атты екі акция өткізілді. Қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қалааралық көліктерді қолдану тәсілімен жобаның шеңберін кеңейту туралы ұйғарым жасалды. «Жас оқырман» жобасының логотипі мен жарнамалық плакаты жапсырылған №41 автобус Қарағанды қаласы бойынша күнделікті жолаушы тасымалдайды. Сонымен бірге, жолаушыларға кітап оқудың маңызы туралы буклеттер мен жадынамалар таратылады.

Тұрғындар өздері баратын бағдар бойынша қозғала отырып, кітап оқудың таңғажайып әлеміне тап болады. «Оқырман автобус» акциясын өткізуде нақты көмек көрсеткені үшін тәрбиеленуші Кира Жилякованың ата-анасына алғыс білдіреміз. Әлеуметтік серіктестеріміздің қолдауының арқасында біз әлі де биік шыңдарды бағындыра беретін боламыз.

А. АХМЕТОВА,

«Айсұлу» бөбекжайының әдіскері.

Басқа материалдар

Back to top button