Аймақ

Облыс әкімі Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қойылған проблемалық сұрақтарын кезең-кезеңімен шешуге уәде берді. Ауыл тұрғындары жолдардың сапасына, білім және медицина нысандарын жөндеуге, жұмысқа орналасу секілді сұрақтар төңірегінде жауаптар алды.

 Өңір басшысы ауыл тұрғындары үшін бірінші міндет – облыстың барлық елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Озерное, Ералы, Пионерское кенттерінде сумен қамтамасыз ету құбырлар жүйесін орнату және Осакаровка кентіндегі жетінші кезек желісін салу жалғасады. Сенокосное, Николаевка, Садовое және Трудовое ауылдарында су құбырының құрылысы басталды. 2200-ден астам адам ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

“Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы бойынша Озерное, Батпақты және Садовое ауылдарындағы мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтеді. Ақбұлақ ауылындағы мектепті қайта жаңарту басталады. Жоба екі жылға жоспарланған. Озерное ауылында ФАП құрылысы аяқталады. Есіл, Сарыөзек, Ошағанды ауылдарының кентішілік жолдары жөнделеді.

Сондай-ақ, Молодежный кентіндегі “Айгөлек” балабақшасын күрделі жөндеу жоспарланған.

Молодежный кентінің тұрғындары алдағы жылыту маусымы қалай өтетініне алаңдайтындарын жеткізді.

– Биыл облыстық бюджеттен қазандықты жөндеуге ақша бөлінді. Бес қазандық орнатылады, ұсатқышты сатып аламыз, электр қуатын ішінара жөндейміз. Қалған қаражат жылумен жабдықтау жүйесіне жұмсалады. Қазандықты техникалық тексеруді аяқтағаннан кейін күрделі жөндеуге ЖСҚ жасаймыз, – деді Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов.

Облыс басшысы аудан әкіміне қазандықты жақсы көмірмен қамтамасыз етуді тапсырды.

– Барлық мәселелер орынды, оларды кезең-кезеңімен шешетін боламыз, – деп әзілдеді Ермағанбет Бөлекпаев. 

Кездесу соңында өңір басшысы азаматтарды жеке қабылдады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button