Облыс әкімі Ораза Айт мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ұлық мереке — Ораза Айт мейрамымен облыс тұрғындарын құттықтады. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Қадірлі бауырлар!
Сіздерді келіп жеткен Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын! Барлықтарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!- делінген аймақ басшысының құттықтауында.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz