Бас тақырып

Құрметті жерлестер!

31 мамыр – қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күні біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ, туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. 1930 жылдары жүргізілген қуғын-сүргін еліміздің игілігі үшін еңбек еткен қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің, атап айтсақ, Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейхан, Нығмет Нұрмақ, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және тағы да басқа қоғам қайраткерлерінің өмірін қиды.

Сурет infohub.kz

Шаһарымызда орналасқан Қарлаг орасан зор адам шығынына әкелді. Екінші дүние­жүзілік соғыстың соңына қарай Қазақстанға миллионнан астам адам жіберілді. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдеріне қазақ жері пана болды. Қарапайым халықтың көмегінің арқасында месхет түріктері, корей, поляк пен неміс, армян мен күрд, түрік және әзірбайжан сынды тағы да басқа этностар екінші Отанын тауып, оның ажырамас бөлігіне айналды.

Қазіргі таңда Қазақстан – осындай тағдыр тауқыметін көрген этностар бірлікте өмір сүретін полиэтникалық мемлекет. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзім­діліктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық. Бұл күні әрқашан тәуелсіздігіміздің негізіне айналған бейбітшілік пен келісім болуын тілейміз.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button