Оқыту жүйесінде – оңтайлы жоба
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, биылғы оқу жылынан бастап Балқаш қаласындағы 16 білім беру ұйымында «Білімал.kz» электрондық оқыту жүйесі пилоттық жобасы енгізілді.
Электрондық оқыту жүйесін енгізудің басты мақсаты – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл білім сапасын арттыруға, білім беру үдерісінің басқару тиімділігіне, сыртқы ортамен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
«Bilimal.kz» жобасы бойынша порталдық жұмыс атқарылуда. Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі электрондық оқыту жүйесінде жұмыс істеу әдісін үйренді. Электронды журнал жаңашыл технологиялардың көмегімен ата-аналарды балалардың үлгерімі туралы ақпараттандырып, сондай-ақ, сыныптар, параллельдер, әдістемелік бірлестіктер туралы есептемелерді жедел алуға мүмкін береді. Әрбір оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға, тек, бағаны ғана қоймай, статистикалық деректерді талдаудың негізінде әрбір оқушының оқу үлгерімін қадағалай алады. Автоматты түрде есептерді жасау барлық керекті жұмысты жылдам орындауға мүмкіндік туғызды.
№24 орта мектептің педагогикалық ұжымы «Білімал.kz» электронды оқыту жүйесі пилоттық жобасын қолдануға дағдыланған. Бұл жүйеде жұмыс істеу оң нәтижесін көрсетуде.
Нұргүл БЕКМАҒАНБЕТОВА,
«Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ
директорының ақпараттық
технологиялар жөніндегі орынбасары.
БАЛҚАШ қаласы.