Оқушылар олжалы

Жақында Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылымипрактикалық орталығы 1-7 сыныптар арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар байқауын өткізген болатын. Жарысқа республиканың түпкіртүпкірінен 400-ден астам оқушы қатысты.

Байқаудың облыстық кезенін «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылым-практикалық орталығы ұйымдастырды. Оған антиплагиат бағдарламасынан өтіп, әділ қазылар сараптамасынан жоғары балл жинаған жас дарындар қатысты.

Республикалық кезеңге математика, информатика, физика, техника, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениет бағыттары бойынша 18 оқушы жолдама алды. Байқаудың нәтижесінде облыс оқушыларының қоржынында –18 медаль (7 алтын, 4 күміс, 7 қола).

Ұстаздардың айтуынша, оқушылар – зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар байқауы барысында жүз пайыз көрсеткішті көрсеткен.

Өз тілшімізден.