Аймақ

Оқу орнында сотқа дейінгі тергеу және цифрлық құзыреттер кабинеті ашылды

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетінде сотқа дейінгі тергеу және цифрлық құзыреттер кабинеті ашылды. Оқу кеңістігін ұйымдастыру және ресімдеу ЖОО-ның Қарағанды облысының полиция департаментімен ынтымақтастығының арқасында құрылған.

Кабинет көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен және техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған. Мұнда «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Электрондық қылмыстық іс», «Қылмыстық процесс бойынша практикум» пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізілетін болады.

Сонымен қатар, Полиция департаменті университетпен қазақстандық полиция қатарына студенттерді даярлау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан. Кабинетте тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері оқыту сабақтарын өткізеді.

ҚарУ қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Ардақ Шәкеновтың айтуынша, студенттер теорияны тәжірибеде бекітеді.

– Заң факультетінде 700-ге жуық студент оқиды, олар университетті бітіргеннен кейін тергеу бөлімшелерінде жұмыс істейді. ПД арқасында олар хаттамалармен онлайн режимде танысуға мүмкіндік алады және барлық әрекеттерді прокуратурамен келісуге болады. Бүгінгі таңда облыстық департамент түлектерге ішкі істер министрінің 20 сертификатын берді. Бұл оларға полиция департаментінің тергеу бөлімшелері мен прокуратура органдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, – дейді Ардақ Шәкенов.

Сондай-ақ, ЖОО мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының дәстүрлі нысандарының қатарында таныстыру және проблемалық дәрістер, Департамент полигоны базасында тренингтік және кәсіби бағдарланған сабақтар, полиция бөлімдерінде көшпелі іс-шаралар қарастырылған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button