Жаңалықтар

Қоғамдық тамақтандыру да – жіті назарда

     «ЭКСПО-2017» көрмесіне жиналатын бұқараға қандай ас мәзірі ұсынылады? Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесінің барысы қандай?

Бұл туралы «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев ақ­парат берді.

Мейрамханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру – осындай кең ауқымды іс-шаралардың қажетті әрі маңызды аспектісі. Қыз­мет көрсету, яғни, сервис әр мемлекеттен келген тұлғалар мен көрмеге қатысушы мемлекет делегаттарының, сонымен қатар, қала қонақтары мен тұр­ғын­дарының ойынан шығуы керек. Бүгінгі күні 15-ке жуық мемлекет өздерінің ұлттық асханасын көрсететін тамақтану орындарын ұйымдастыруды жоспарлады. Бұл – Италия, Германия, Польша және басқа мемлекеттер, – деді Д.Ер­кім­баев.

Сондай-ақ, көрмеге аумағы 10 мың шаршы метрден асатын жалпы тамақтануды ұйымдастыруға арналған коммерциялық орын­дар бөлінген. Жалпы, 40-тан аса тамақтану орнын ұйымдас­тыру жоспарланып отыр. Ком­мерциялық павильондардың бі­­рін­ші қабаттарында мейрамха­на, шайхана, барлар орналасады. Екінші қабаттарда сауда орталықтарындағыдай фастфуд болады. Бұл жұмыстарды ұйым­дас­тыруда барлық әлеуметтік топтар мен табыс деңгейі ескерілген.

2016 жылдың соңынан бастап байқауды жарнамалау басталды. Бизнес өкілдері белсенді қатысып жатыр. Сонымен, бүгінгі таңда орындардың 71%-ын жалдаушылар анықталды. Оларды іріктеу кезінде, ең алдымен, қызмет көрсету жұмысы, нарықтық тәжірибесі мен қолжетімді баға саясатына аса назар аударыла­ды. Кәсіпкерлік секторды бел­сенді қатысуға шақырамыз. Қа­лай дегенмен, бұл – отандық өнім өндірушілер үшін өздерін көрсетудің таптырмас мүмкіндікі, – деді департамент директоры.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button