Бас тақырыпҚарағанды

Қоғамдық көлікте – электронды билет

Ақпан айының соңында Қарағанды қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды билет іске қосылады. Бүгінгі таңда 497 құрылғы қоғамдық көліктерге орнатылған. Осы айда көліктің барлығы толығымен жабдықталады деп күтілуде. Содан кейін, яғни, ақпан айының соңына қарай, электронды билет қолданысқа енеді.

  • Қазіргі таңда қоғамдық көліктерге құрылғыларды орнату аяқталуға жақын. Ақпан айының соңында бұл жоба толық жүзеге асады, – дейді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. Қала әкімінің айтуынша, жоба алғашқы екі айда пилоттық негізде жұмыс істейді.

Қала басшылығына облыс әкімдігі тарапынан осыған байланысты тұрғындар арасында түсіндіру, ақпараттандыру жұмысын жүргізу тапсырылып отыр. Алдағы уақытта жергілікті билік тұрғындарға электронды билет туралы толығырақ ақпарат беруі тиіс.

Қызғалдақ АЙТЖАН

Басқа материалдар

Back to top button