АймақБас тақырыпҚарағанды

Қоғам игілігіне қызмет еткен азаматтар мерейтойлық медальдармен марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында облыс әкімі өңірдегі қоғам қайраткерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттауға арналды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кездесу барысында бірқатар қоғам өкілдері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл марапат Мемлекет басшысының атынан табысталды. Марапат иелерінің қатарында – Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков, «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» облыстық филиалының басшысы Меруеш Башай және қоғам қайраткері Анвар Абзалетдинович Осин бар.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген марапат иелері бұл жоғары награданы жеке еңбек жолына берілген баға ғана емес, сондай-ақ елдің дамуы мен татулығына үлес қосып жүрген барша азаматтарға көрсетілген зор құрмет деп қабылдайтындарын атап өтті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button