Өнертапқыш өрендер
Қарағанды медициналық университетінің студенттері сал ауруына шалдыққандар үшін экзоқаңқа ойлап тауып, мамандардың таңданысын тудырды. Олардың айтуынша, арнайы костюм Павлодарда өткен Мейкатон марафонына әзірленген.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған жандардың тұрмысын жақсартуға арналған экзоқаңқаны жасау барысында студенттер аяқ – қолы істемей қалған науқастармен жиі жолығып, олардың қозғалуына ыңғайлы мүмкіндікті терең зерттеген. Костюмнің ерекшелігі – науқастың өзінің жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Студенттер тұңғыш туындыларын сал ауруына шалдыққан адамға сыйлапты.
ҚММУ студенті Вячеслав Литвинов аталмыш экзоқаңқаға тағы қосымша қызметтерді қосып, жетілдіретіндерін айтты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.