Қарағанды

Өнері өрге жүзді

Естеріңізге сала кетейік, жақында «ЭКСПО – 2017» ха­лық­аралық көрмесі аясында «Бі­лім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ» ІХ республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Нәтижесінде, «Жас ғалымдар» аталымы бойынша №81 мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Даниил Евдотьев жүлделі 1 орынды қанжығалаған болатын. Сөйтіп, Даниил облыстың атынан республикалық сайысқа жолдама алған.

Өткен аптада республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы ұйымдастырылды. Онда жүздеген оқушының арасынан Даниил ІІІ орынды қанжығалады.

Жетекшісі Гульвира Кенжебекова: «Даниилдің талабы таудай. Өзге ұлт өкілінен болса да, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеріп, оны жобаларына енгізіп жүр», – дейді. Ұстазы шәкіртінің болашақта халықаралық сайыстарда биік белесті бағындыратынына сенімді. «Болашақта қазақы дәстүрлерді жобаларыма арқау етемін» дейтін ізденімпаз Даниилге өнерің өрге жүзсін дейміз.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button