Шахтинск

Негізгі басымдық – білім беру және денсаулық сақтау

Бүгінде халық қалаулылары ел ішінде. Мақсат – Елбасы Жолдауынан туындаған басымдықтарды бұқараға жеткізу. Өзгерістер мен жаңалықтардың елге тигізер ықпалынан көпшілікті құлағдар ету. Осы орайда, жақында Шахтинск қаласына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов келді.

Сенатор Шахтинск технологиялық колледжінің ұстаздарымен және студенттерімен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және Президенттің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылау бойынша кездесті. Сондай-ақ, кездесуге қала әкімі С.Аймақов, қалалық мәслихат хатшысы және мәслихат депутаттары қатысты.

Сенатор Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген басты жетістіктері туралы айтып, Елбасы Жолдауындағы еліміздің дамуындағы бес басым бағыттарға тоқталды. «Экономиканың өсімін және халықтың әл-ауқатын арттырады деп танылған бұл басымдықтарды іс жүзінде жүзеге асыру Қазақстанның әлемдегі озық 30 ел қатарына ілгерілеуін қамтамасыз етеді», – деді ол.

Тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасына ерекше көңіл аударды. Сергей Михайлович Парламенттің заң шығару қызметі туралы да баяндап, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында, С.Ершов оның жұмысындағы негізгі басымдылықтарды атады. Олар – білім беру және денсаулық сақтау болмақ. Дәлірек айтқанда, мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру дейді.

Қала әкімі С. Аймақов сенаторға кездесу өткізгені үшін және байыпты әңгімелері үшін алғыс айтты.

Шахтинск қаласы әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button