Үндеуді толық қолдаймыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы үндеуін бүкіл ел зор тебіреніспен тыңдады. Үндеуді талқылаған «Қарағанды облысының Азаматтық альянс» Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі Президент шешіміне бірауыздан қолдау білдірді.

Біздің пайымдауымызша, кезектен тыс сайлауды өткізу билік транзитінің сәтті өтуінің кепілі болады. Өйткені, бұлыңғыр кезеңде көптеген үдерістер тежеліп, азаматтық сектор институттарының толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасауы мүмкін.

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу елде қандай да бір тұрақсыздықтардың орнауына жол бермейді. Бұл ұлтаралық татулық пен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына жол ашады.

Заң жүзінде, халық қалауымен сайланған Мемлекет басшысы үкіметтік емес секторлардың дамуына кепіл болып, халықтың әл-ауқатын арттырары анық.

VIII азаматтық форумда қоғамды дамыту үшін жаңа әдіс-тәсілдердің қажет екені айтылды және оны дамытудың жаңа тұжырымдамасын дайындау туралы шешім қабылданды. Алға қойған мақсаттарды сәтті жүзеге асыру қазақстандықтардың өз таңдауындағы Мемлекет басшысына дауыс берген соң ғана мүмкін болады.

Біз қашанда Елбасымыздың бастамасымен қабылданған даму бағыттарына қолдау білдіреміз және жаңа сайланған Президент осы бағыттан таймай, бастаған істі сәтті жалғастырады деген сенімдеміз.

Жаңа Президенттің сайлануы ел экономикасын өрістетуге ықпал етеді. Ал, ол қоғамның әлеуметтік мәселелерінің оң шешімін табуына себепкер бола алады.

Біз азаматтық қоғамның барлық институттарын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы үндеуіне қолдау білдіруге шақырамыз.

Серік Санаубаев,

«Қарағанды облысы Азаматтық альянс» Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің мүшесі.