Бас тақырып

Наурыз береке мен бірліктің мерекесі

Құрметті жерлестер! Сіздерді келіп жеткен Ұлыс­тың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сурет kazpravda.kz

Ежелден келе жатқан бұл мереке бүгінде біздің ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін, жа­ңаратын елеулі күнге айналды. Жыл басы Наурыз мерекесі жаңа өмірлік кезеңнің басталуын, табиғаттың оянуын және жақсылық пен берекенің салтанат құруын білдіреді.

Наурыз ұрпақтан-ұрпаққа бе­рілетін дәстүрлер мен ұлттық болмысымыздың тарихпен етене байланысып жатқанын көрсете отырып, барлығымызды біріктіре түседі.

Күн мен түннің теңелуі тепе-теңдік пен үйлесімділік әкеле­тін бұл күні біз өткенімізді ба­ғам­дап, болашаққа үмітпен қа­раймыз. Наурыз бізді жаңа же­тістіктерге, бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға, ортақ мақсаттар мен жетістіктерге жұмылуға үндейді.

Әз Наурыз мерекесі әр үйге жы­лылық пен бақ-береке, баршаңызға денсаулық, амандық пен құт дарытсын.
Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін. Наурыз еліміз үшін өркендеу мен дамудың символына айналсын!

Мереке құтты болсын, қымбатты жерлестер!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button