Насихат жұмыстары жалғасуда
Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында Жолдаудың 10 басым бағытының ішіндегі ең өзекті бағыт – білім саласындағы «ақылды технологиялардың» енгізілуі қызу талқыланды.
Оқушылар заманауи технологиялардың күшімен қол жеткізуге болатын жетістіктер, жаңалықтар туралы өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, ашық әңгіме-сұхбат жүргізді.
Сонымен қатар, «Дініңді сақта, салтынды сатпа!» атты акция аясында Қарағанды облысының діни-психологиялық құқықтық кеңес орталығының мамандары – Ерқанат Кеңесбек-ұлы мен Николай Мерзляков жоғары сынып оқушылары және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен семинар өткізді. Кездесу барысында түсіндірме жұмыстары мен түрлі мәселелер талқыланды.
№2 ЖОББМ ұжымы.