Ақтоғай

Нарманбеттанушы Аманкелді Туғанбайды министрлік марапаттады

Арқаға аты мәлім зерттеуші, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Амангелді ТУҒАНБАЙ «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Білім және ғылым министрлігінің марапатын Амангелді Нөкербайұлына облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Бақтыгүл Әдекенова тапсырды.

Амангелді ағамыз рухани мұрамызды жаңғыртуда зор еңбек сіңіріп келеді. Бабадан мирас болып қалған асыл қазынамызды жарыққа шығару арқылы жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

Келешекте де көпшілік біле бермейтін соны дүниелер жарияланатынына бек сенімдімін, – деді өз сөзінде Бақтыгүл Науқанбайқызы.

А.Туғанбай – саналы ғұмырын ұлт руханиятын зерделеу ісіне арнаған жан. Талай жылы мұрағаттардағы тынымсыз еңбекпен өтті. Әсіресе, қазақтың қос ақыны – Нарманбет пен Кенішбайдың мұрасын айшықтаудағы қызметі ұшан-теңіз.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Back to top button