Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа “Халық қаһарманы” атағын беріп, “Алтын жұлдыз” орденімен марапаттады.
«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы” атағын беремін», – деді Қ.Тоқаев.