АймақНұра

Нұралық кәсіпкер аудандық орталық ауруханаға жаңа аппараттар тарту етті

Нұра ауданындағы «Жараспай» ЖШС басшысы Сейілхан Қоңырбаев аудандық орталық ауруханасына наурыз мейрамына орай бес жаңа физиотерапиялық аппарат сыйға тартты.

– Физиотерапиялық процедураларды учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша, медициналық сақтандыру көлемінде және ақылы негізде алуға болады. «Алмаг+», «Алмаг-01» аппараты, «Гезатон» дарсонвалдық терапияға арналған жабдық, «Поток-1» гальванизаторы және ультракүлгін кварц сәулелендіргіші бронх демікпесі, созылмалы бронхит, ӨСОА, артрит, артроз, остеохондроз, сколиоз, өкше шпоры, сынықтар, шығып кету, созылу, жыртылу секілді шағымдары бар пациенттер үшін қажет, жұмсақ тіндердің көгеруі және басқа көрсеткіштерде қолданылады, – деп атап өтті орталық аудандық аурухана мамандары.

Кәсіпкер көп жылдар бойы туған жері Жараспай ауылына көп көмегі тиген азаматтардың бірі. Жыл сайын тек мекеме емес, ауыл тұрғындарына да қол ұшын созып жүреді. Мереке күндері ардагерлер мен бүлдіршіндерге сыйлық үлестірсе, спорттық және бұқаралық шараларға демеушілік жасайды. Бүгінде ауыл тұрғындарының 70%-ы кәсіпкердің қарамағында жұмыс істейтін көрінеді. Сондай-ақ, кәсіпкердің демеушілігімен ауыл көшелерінің біріне асфальт төселіп, Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш қалпына келтірілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button