Жыл басынан бері Нұра ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 61 отбасы баспаналы болған. Бүгін тағы 10 отбасы пәтерлі болды. Енді жыл соңына дейін тағы 34 отбасын қуантуды жоспарлап отыр.
Баспаналы болған жандар халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері. Әр пәтердің ауданы 80-86 шаршы метрден. Пәтердің бөлмелері кең әрі жарық. Пәтер кілтін алғандардың қатарында көпбалалы ана Меруерт Бейсембекова да бар.
– Біздің төрт баламыз бар. 2021 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрмыз. Біз осындай қысқа уақыт ішінде баспаналы боламыз деп ойламап едік. Пәтеріміз кең, жарық. Ұлдарым қазірдің өзінде өз бөлмелерін сайлап алды. Енді жақын арада пәтерге кіреміз, – деді көпбалалы ана.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz