Биыл Нұра ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 69 шақырым жол жөнделеді. Одан бөлек, кейбір аймақтағы су тұщыландырғыш аппарат пен су құбырлары қайта жаңартылады. Қазіргі таңда мердігер компания жөндеу жұмыстары үшін тиісті жұмыстарды бастап кетті.
– Биыл Егінді, Байтуған, Ахмет, Көбетей, Заречное, Тассуат, Кәрім Мыңбаева және Алғабас ауылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Егіндіде – 9 шақырым, Байтуған елді мекенінде – 7,8 шақырым, Ахмет ауылында 14 шақырымдық 14 көшенің жолы жөнделеді. Ал, Кәрім Мыңбаев ауылына асфальт төселеді. Тіпті, жұмыс аяқталып та қалды, – деді Нұра аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Сандуғаш Байкенова.
Сонымен қатар, Заречное және Байтуған ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ел игілігіне беріледі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Оrtalyq.kz