Аймақ

Нұра ауданының үш ауылында ауыз су мәселесі шешіледі

Нұра ауданының Жараспай, Құланөтпес және Ізенді ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту басталады. Қантай ауылында су құбыры мен Нұра кентінде кәріз желілерін салуға ЖСҚ әзірленетін болады.

Нұра ауданының даму жоспары Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың халықпен кездесуінде талқыланды. 

Тұрғындарды абаттандыру, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелері қызықтырды.

Өңір басшысы Нұра ауданына барар жолда су торабына тоқтады. Оны мемлекеттік меншікке беру мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ, 5 шақырым жол учаскесін жөндеу қажет. Бұл жол Қантай ауылын Шахтинскімен байланыстырады. Қазір ол иесіз, оны да мемлекеттік меншікке рәсімдеп, жөндейтін болады.

Осакаровка – Нұра жолының екі учаскесін қайта жаңарту жалғасады. Биыл теміржол өткеліне жол ашу жоспарлануда. Келесі жылы Нұра – Шахтерское – Пржевальское автожолын жөндеуді аяқтау көзделіп отыр. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша сегіз кентішілік жолды жөндеуге қаражат бөлінді. Мердігерлер анықталды, жұмыс басталады.

– Сығанақ және Ақтүбек ауылдарының тұрғындары жыл сайын су тасқыны кезінде басқа елді мекендермен қарым-қатынастан ажырап қалады. Бұл мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен Құланөтпес – Нығман жолын жөндеуге қаражат бөлінді, – деді облыс әкімі.

Аудандағы барлық жолдарды кезең-кезеңімен ретке келтіруге мүмкіндік беретін бес жылдық жоспар әзірленді.

Нұрада 20 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Кезекте тұрған қырық отбасы биыл жаңа тұрғын үйге кіруі тиіс.

Сондай-ақ Нұра кентінде және Ахмет ауылында ЖТҚ-ға инженерлік инфрақұрылым салу басталады.

Нұра ауданы бойынша сапар барысында облыс әкіміне көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Биыл егіс алқабы 10 %-ға ұлғаяды. Фермерлер 313,4 мың га егуді жоспарлап отыр. жұмыс басталып кетті, 1500-ден астам егіс техникасы мен 1200-ден астам трактор тартылды.

Ермағанбет Бөлекпаев ауыл тұрғындарына әлеуметтік нысандарды жөндеу туралы айтып берді. Нұра ауданында алты мектеп жөнделеді, ал 2024 жылы «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша жаңа оқу орнының құрылысы басталады.

– Нұра кентінде жаңа мектепке жер бөлініп, тиісті құжаттар дайындалуда. Сондай-ақ, Заречное және Байтуған ауылдарында ФАП салынады. Мен сіздердің аймақтарыңызда дәрігерлер жетіспейтінін білемін. Бұл көптеген ауылдық елді мекендердің проблемасы. 2022 жылы сіздердің аудандарыңызға 16 маман келді, биыл тағы екі дәрігер – педиатр және анестезиолог-реаниматолог келеді. Біз жас мамандарды тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Биыл дәрігерлердің кейбір санаттары үшін көтеру сомасы 5 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бүгін айтылған барлық мәселелер мен сұрақтар шешілетініне сендіргім келеді, – деді өңір басшысы.

Кездесуден кейін облыс әкімі нұралықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button