Монумент — мәңгілік ескерткіш

Мамыр айындағы айтулы мерекелер аясында қазыналы Қаражалда 1979-1989 жылдары алыстағы Ауған елінде орын алған аласапыранда өздерінің азаматтық борыштарын абыроймен өтеген жауынгерлердің ерлігі мен қаһармандығын жұрт жадында жаңғыртып тұратын монументтің ашылу рәсімі өтті.

Мәңгілік ескерткіш санатындағы еңселі құрылымды орнату баста­ масы былтырғы жылы көтерілген болатын. Іле-шала қала әкімі жа­уынгер-интернационалистерді қаты­ стыра отырып, орнатылуы жоспар­ланған монумент сұлбасының нұсқаларын талқылау және қойыла­тын орнын белгілеу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізген еді.

 Ескерткіштің салтанатты жағдайда ашылуына арналған жиынға қала жұртшылығы тайлы-та­ яғы қалмай жиналды десек, артық айтқандық емес.

Қалың қауымды алғашқы кезек­те шаһар басшысы Тілектес Досаев құттықтап, еңселі монумент өз елінің өткен тарихын бағамдап, қастер тұтуға тиісті жас буынның санасына отансүйгіштік тәлім-тәрбиені сіңіру ісіне өлшеусіз септігін тигізерін атап өтті.

Қала әкімінің құттықтау лебізін­дегі орнықты ойларды осынау іс-шараға арнайы келген «Қараған­ды облысының Қарағанды қаласы Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері кеңесі» қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Талғат Хасенов жарасымды жалғастырды.

Ол содан кейін қазіргі таңда Қаражал-Жәйрем аймағында ғұмыр кешіп, бейбіт ең­бектің көрігін қыздырып жүрген 15 жауынгер-интернационалистің бірі – Андрей Набокинмен бірге жаңа мо­нументтің шымылдығын салтанатты жағдайда түсірді.

Бір минуттік үнсіздік жарияла­ нып, құрметті қарауыл Ауған соғы­ сы құрбандарының рухына жалпы қоғамның құрметін автоматтан үш мәрте оқ ату арқылы айғақтады.

Шара барысында патриоттық мазмұндағы рухы биік әндер шы­рқалды. Қаланың орталық алаңына ір­гелес жатқан «Даңқ аллеясында» бой түзеген ескерткіш-монументтің авторы – танымал суретші-мүсінші Игорь Баграмов.

 

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

«Орталық Қазақстан»

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.