Жаңалықтар

Өмірден ұлағатты ұстаз өтті

Бар ғұмырын ұстаздық пен журналистикаға арнаған қарт қаламгер, ардагер ұстаз Ошақбай Суханберлин бақилық болды…

Сурет: Ошақбай Суханберлиннің жеке мұрағатынан

Жаның жәннатта, топырағың торқа болсын, Ошақбай аға!

Жаназа намазы дүйсенбі, 17-ақпан сағат 11:00-де Майқұдықтың  “Балақажы” мешітінен шығарылады.


Ошақбай Суханберліұлы Суханберлин  –  тыл және еңбек ардагері, ҚР Білім саласының Құрметті қызметкері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, облыстық “Ortalyq Qazaqtan” газетінің тұрақты авторларының бірі.

1936 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылында дүниеге келген. 2012 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарған. Шығармашылық жұмыстары “Жас Алаш”, “Қазақ әдебиеті”, “Информатика негіздері”, “Азия-Транзит”, “Өзгеріс-Перемена” және “Жаңаарқа”, “Замана” сияқты баспа беттерінде жарық көрген.

“Тың жерлерді игергені үшін” (1958), “Еңбек ардагері” (1989) медальдары, “Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі” (1993) төсбелгісі, Жезқазған облыстық мәслихатының грамотасы (1996), Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2002), Қарағанды облыстық білім беру департаментінің Құрмет грамоталары (2006, 2008), “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері” (2013) белгісі, Беларусь Президенті А.Лукашенконың Белоруссияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуінің 70 жылдығына орай берілген Алғыс хаты (2014), Халықаралық Қазақ шығармашылық қоғамының “Ұлт мақтанышы” медалі (2015). “1941-1945″ жж. Жеңістің 70 жылдығы” мерекелік медалінің (2015) иегері.

Басқа материалдар

Back to top button