Спорт

Мессидің қай клубқа ауысатыны белгілі болды

ФИФА агенті Марко Кирдемир «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси Сауд Арабиясында мансабын жалғастыратынын айтты. 

Марко Кирдермирдің айтуынша, аргентиналық футболшы қазір «Барселонаны» қарастырып жатқан жоқ. Ол Каталония клубына мансабын аяқтаған соң ғана оралатынын айтты.

Агенттің сөзінше, аргентиналық футболшы Сауд Арабиясын көздеп отыр.

– Оның «Әл-Хиляльден» жақсы ұсынысы бар. Месси бұл елге онымен танысу, өмір сүретін жерін көру үшін барды. Егер оның отбасы келісім берсе, ол Сауд Арабиясында ойнайды, – дейді Кирдемир.

Айта кетейік, «Әл-Хиляль» Мессиді қатарына қосуға ниетті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button