Аймақ

Мешіттің аула сыпырушысына үй берілді

“Зекет және қайырымдылық” қоры “Ел үлесі пәтерге” акциясы аясында Сұрыптау шағын ауданынан төрт бөлмелі пәтердің кілтін қарағандылық Құрманғазы Жүнісовке табыстады. Құрманғазы Жүнісовтің “Әнет баба” мешітінде аула сыпырушы болып жұмыс істегеніне 10 жыл болған. Сондай-ақ 500-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Қазақстанның Бас мүфти Наурызбай-қажы Тағанұлы келді. Ол “Әнет баба” мешіті мен “Зекет және қайырымдылық” қорының қайырымдылық акцияларына, сондай-ақ MUNARA TV телеарнасының филиалы мен мешіт жанындағы отбасылық-консультативтік орталықтың ашылуына қатысты.

Сонымен қатар, биыл Қарағанды облысының бес отбасы емделуге қаражат алған.

 “Зекет және қайырымдылық” қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мирас Ерланұлының айтуынша, бұл жыл басынан бері сыйға берілген екінші пәтер екен. Рамазан айында да көпбалалы отбасына баспана берілген. Қайырымдылық қоры жазда тағы төрт пәтердің кілтін табыстамақ. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button