Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкіміне сәйкес өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, от­басы мәртебесін арттыруға ба­ғытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңін өткізу жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген конкурстың ережесіне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық (қалалық), өңірлік және ұлттық кезеңдерде өтеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер қалалық және аудандық әкімдіктерге 2017 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.

Толық ақпаратты Қарағанды облысы ішкі сая­сат басқармасының ресми сайтынан www.uvpko.gov.kz алуға болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button