Жаңалықтар

Мемлекеттік құпиялар сенімді қолда

Қарағанды гарнизонына қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығында Қарулы Күштердің әскери институттары және әскери колледждің 2023-жылғы түлектерімен оқу жиындары өтті. Аталған жиында жас түлектер үш топқа бөліп, арнайы дайындық өткізуге бағытталған іс-шараларға қатысты.

Жас түлектер арасында радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының мемлекеттік құпияларды қорғау кафедрасын тәмамдаған офицерлер де болды. «Астана» өңірлік қолбасшылығы басқармасының мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, майор Ғани Оңғаров олармен жеке дайындық жұмыстарын ұйымдастырды. Әрі жас мамандарға Құрлық әскерлерінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың қыр-сырын түсіндірді.

– Жас мамандарды даярлау – Қарулы Күштерде келешекте сенімді ізбасарлар мен кәсіби мамандардың болуына әкелетін жалғыз жол. Өңірлік қолбасшылықта жас офицерлермен тиісті тәрбие және кәсіби дайындық жүргізуге қатты назар аударылады. Мемлекеттік құпияларды қорғауда жас мамандарға сәттілік тілейміз, – деді майор Ғани Оңғаров

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button