Жаңалықтар

Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан арылуы қажет – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент Әкімшілігіне 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты кешенді жоспар ұсынуды тапсырды. 

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

“Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан толық және біржола арылуы қажет. Шешім қабылдауға, яғни дамуға кедергі келтіретін барлық рәсімді қысқарту керек”, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне де тоқталды.

“Мемлекеттік қызметші, ең алдымен, Конституция талаптарын басшылыққа алып, Отанына және халқына адал қызмет етуге тиіс. Бұл жерде жекелеген өзгерістер туралы сөз болып отырған жоқ”, – деді Мемлекет басшысы.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button