Мемлекет басшысы: «Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады. 

«Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке — Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр — ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев .