Бас тақырыпПрезидент

Мемлекет басшысы: “Армениядан машина әкелудегі алаяқтық фактілер бойынша тергеу жүргізілуде”

Армениядан машина әкелу барысындағы алаяқтық әрекет фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Проблема әлі күнге дейін өзекті болып тұрғанымен келісемін. Адам жолын тауып, көрші елдерден автомобильді көптеп алып келді. Менің тапсырмаммен Бас прокуратура осы ахуалға құқықтық бағалау жүргізді. Бірқатар мемлекеттік құрылымның қызметіне наразылық бар. Бұған қоса, жекелеген тұлғалар заңнаманы бұза отырып және адамдарды алдап, мұнан заңсыз бизнес құрып алған. Армениядан машина әкелу барысындағы алаяқтық әрекет фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, ЕАЭО бойынша Қазақстанның кейбір серіктестерімен өзара іс-қимылда да бірқатар мәселе бар. Қазіргі уақытта олармен алдағы уақытта мұндай проблемалардың қайталануына жол бермеу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Үкіметке қазақстандық көлік иелерінің мүдделерін ескере отырып, Армениядан әкелінген автомашиналарды пайдалануды ретке келтіру бойынша қосымша ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу тапсырылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button