Жаңалықтар

Мемлекет басшысы 55 зауыт туралы пікір білдірді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдің 55 зауытын Қазақстанға көшіру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – даңғаза қауесет. 

«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік – бұл қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам ең алдымен тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет етеді. Соңғы уақытта «Жер шетелдіктерге сатылады екен» немесе «көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі», «мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Ондай қауесеттер адамдардың патриоттық көңіл күйін шебер пайдаланып жүрген ниеті дұрыс еместерден таралып жатыр», – деді Мемлекет басшысы. 

Басқа материалдар

Back to top button