Білім

Мектепке дайындық пысықталды

Биыл облыста мектепке баратын балалардың саны 172 мыңнан асады. Оның 17 мыңнан астамы – бірінші сынып. Облыс әкімінің қатысуымен өткен аппараттық жиында жаңа оқу жылына дайындық талқыланды.

жаңа оқу жылы

Осы жылы 115 білім беру нысанына күрделі жөндеу жасалған. Басқарма басшысы Гүлсім Қожахметованың сөзінше, дайындық жұмыстары қарқынды. Аяқталуға жақын. Барлық білім беру ұйымдарының жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. 17 мектептің іргесіне қазандық орнатылған. Қазір көмір тасылып жатыр. Қажетті көлемнің 70%-ы бар. Мектептегі қауіпсіздік мәселесі де назарда.

– Бейнебақылау жүйелерімен барлық білім беру нысандары жабдықталған. Полиция департаментінің жедел басқару орталығына балабақшалар мен колледждердің барлық камералары қосылған. Мектептер бойынша жұмыс жалғасуда. 582 білім беру ұйымы дауыстық хабарлау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған. Турникеттер 203 нысанға орнатылды, арнайы күзет 206 ұйымға енгізілді. Арнайы күзет балабақшаларда да болады, – деді облыстың білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Мектептер оқулықтармен қамтамасыз етілуде. Жеткізу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланған. Басқарма басшысы тегін ас беру де маңызды міндет екенін атап өтті. Бастауыш сынып оқушылары, сондай-ақ, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 мыңнан астам бала тегін тамақтана алады.

101 елді мекеннен мектепке қатынайтын 1566 оқушыға 70 автобус беріліпті. Автобустар 1 қыркүйекке дейін техникалық бақылаудан өтеді.

– Мектеп автобустарын толық тексеру қажет. Бұл – басты міндеттердің бірі. Себебі, мәселе балалардың қауіпсіздігіне қатысты, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. Сонымен қатар, өңір басшысы білім басқармасы жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстауды тапсырды.

Облыста барлығы 24 355 педагог бар. 640 маман тапшы. Бұл мәселені шешу үшін өңірде мамандарды қайта даярлау бойынша тегін курстар ұйымдастырылыпты.

Биыл ақшалай жәрдемақы мөлшері – 40 567 теңге. Ата-аналардың банк карталарына аударылады. 10 мың оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы беріледі. 4886 адамға көмек көрсетілген. Қаражат жалпы білім беру қорынан бөлінеді. «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан басталған. Енді 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазірдің өзінде акция шарапатын 700-ден астам оқушы көрген

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button