Бас тақырып

Мектеп оқушыларының күзгі демалысы қанша күнге созылады?

Биыл бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс жеті күн, яғни, 28 қазаннан 3 қарашаға дейін. Іс жүзінде балалар 25 қазаннан бастап демалады. Өйткені, 25 қазан – Қазақстанда Республика күні. Ал, 26-27 сенбі-жексенбіге түседі. Жалпы, мектеп оқушыларының демалысы 10 күнге созылмақ, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет adyrna.kz

Екінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда, қысқы каникул 10 күн болады.

Бірінші сыныптарда 2025 жылғы 3-9 ақпанда (қоса алғанда) жеті күнге созылатын қосымша демалыс болады.

Сурет tengrinews.kz

Үшінші тоқсан, ең ұзақ тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі каникул 11 күнге, 2025 жылдың 21-31 наурызына дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Төртінші тоқсан – сегіз оқу аптасы.

Жоспар бойынша 9-10 сынып оқушыларына арналған қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12 сынып оқушыларына арналған емтихандар 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button