Жаңалықтар

Мекенжай анықтамасы жеке адамдарға берілмеуі мүмкін

Қазақстандықтар мекенжай анықтамасын алу үшін ХҚКО-ға бару машақатынан құтылады. Алдағы уақытта мекенжай анықтамасын талап етушілер азаматты сол үшін ХҚКО-ға жұмсамай, оны өздері-ақ ала алады. Осы мақсатта пилоттық  жоба іске қосылмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.

“Кадрлық қызметтің қызметкері немесе мекенжай анықтамасын сұратушылар азаматтың үшінші бір тарапқа рұқсат бергені туралы SMS хабарламаны алысымен, «egov» порталына кіріп, өздері анықтаманы жүктеп алады”, – деп жазды Асқар Жұмағалиев “Фейсбук” парақшасында.

Министрдің жазуынша, бүгінде  7 миллионнан астам қазақстандық «мобильді азамат» базасында тіркелген. Яғни, осынша азамат SMS-хабарлама арқылы үшінші тарапқа мекенжай анықтамасын алуға рұқсат бере алады. Ал, өзге тұрғындар ХҚКО-ға барып, телефон нөмірін тіркетуі тиіс. Әрине, бұл айтарлықтай уақыт алуы мүмкін. Әйтсе де, оның  артықшылықтары да бар. Атап айтқанда, 25 сервис пен анықтамаларды ЭЦҚ-сыз телеграмм қызметі арқылы алу мүмкіндігі бар.

“Құрметті мекенжай анықтамасын талап етушілер! Жақын болашақта ҚР Ішкі істер министрлігі және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, пилоттық жобаны іске қосу күнін белгілейміз. Осыдан соң, азаматтардан мекенжай анықтамасын талап етпей, оны үшінші тараптың сервисі арқылы өздеріңіз алатын боласыздар. Көмек қажет болса, ХҚКО қызметкерлері сіздерге кеңес беруге әрқашан дайын”, – деді министр Асқар Жұмағалиев.

Басқа материалдар

Back to top button