Қарағанды

Мейірімнің бастауы

Қайырымдылық – жан жылуын  қажет етушілерге деген сүйіспеншілік пен көмек. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Осы тұрғыда мектебіміз жыл сайын түрлі қайырымдылық іс-шараларын  ұйымдастырып тұрады. Биыл да сол бастамамен 18 қазан – Рухани адамгершілік және келісім күнінде мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары қайырымды іс жасады. Восток-5 шағын ауданында орналасқан мектеп-интернатына барып, ондағы балаларға арнап концерттік бағдарлама мен қызықты ойындар өткізді. Аз да болса жүректеріне жылу, жүздеріне күлкі сыйлай алғанымызға қуанышты болдық. Шара соңында әрбір балаға тәттілер таратылды. Мұндай қайырымдылық шаралар өз жалғасын тауып жатса, адам жанының нұрланары сөзсіз.

А.ЖҰМАТАЕВА,

№ 8 жалпы білім беретін орта мектептің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button