Қарағанды
Мейірім шуағы
№ 15 мектепте бірінші сынып мұғалімдері Г.Нығанова, Г.Бозшолақова, Г.Бакированың ұйымдастыруымен ата-аналар арасында «Мейірім шуағы» тақырыбында семинар өтті. Ондағы мақсат – ата-аналармен ой бөлісу. Сондай-ақ, өзін-өзі тану адамгершілік рухани білім беру бағдарламасы аясында тұлғаның дамуын қалыптастыру, жалпы адами құндылықтарды насихаттау көзделді.
Тақырыпты өрбіту мақсатында ата-аналар топтық жұмыс барысында біріге отырып, тапсырма орындады. Пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Семинар тартымды өтіп, ата – аналар ризашылықтарын білдірді.
№ 15 жалпы білім беретін орта мектебінің
1«в» сынып ата-аналары.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.