Жаңалықтар

Құмдағы құнды өрнектер

   Халықаралық «EXPO-2017» көрмесін қолдауға арналған байқау аясындағы инновациялық жобалар бастау алды.

Балалық шақ – өмір мектебінің алғашқы баспалдағы. Тәрбие қандай негізде бастау алса, даму үрдісі де сол қарқында жүзеге аспақ. Яғни, дамудың алғашқы қайнар көзі ойын болып табылады. Себебі, ойнау арқылы ойлау, еңбектену, сөйлеу тағы да басқа амал әрекеттер жүзеге аспақ. Атап айтсақ, саусақ моторикасын дамытуға арналған құм құралын негізге алған №4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Диана Абдрасилова алақанның, аяқтың, жұдырықтың, саусақтың іздерінен түрлі өрнектер жасап, қоршаған ортадағы ұқсас заттармен салыстыру туралы жобаны қалалық байқауға ұсынды.

Мұндағы басты мақсат – балалардың танымдық ой-өрістерін дамытып, зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау, интеллектуалды және эмоционалды қабілеттерін арттыру, саусақ моторикасын дамыту.

Байқауда Диана ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Әрине, бұл – физика-информатика пәнінің мұғалімі Жанаргүл Амантайқызының ерен еңбегінің жемісі. Ұстаз табандылық пен тапқырлықты оқушы бойына дәріптеп, жеңімпаз болуына себепкер болды.

Жасөспірімдерді ғылымға, өнерге баулу – оларды ғаламтор мен ұялы телефоннан сәлде болса шектеудің таптырмас жолы.

Гүлден ҚАБЫХАНОВА,

№4 мектеп мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button