Бас тақырыпРесми

Мамырда қатарынан үш күндік демалыс берілуі мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрық дайындады.

Сурет: diapazon.kz

 Құжат демалыс күнін 4 мамыр сенбіден осы жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыруды көздейді. Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни  7, 8 және 9 мамырда демалады. 2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы ұсыныс Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. Мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы, – делінген Еңбек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.

Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры демалады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.

4 мамыр жұмыс күні болады.

Құжат 25 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button