Бас тақырыпРесми

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Елімізде мамыр айында үш мемлекеттік мейрам бар. 1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

Сурет: pixabay

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сәрсенбіге сәйкес келеді. Мерекеге орай бұл күні барлық қазақстандықтар демалады.

Отан қорғаушылар күні сейсенбіге, ал Жеңіс күні бейсенбіге тура келіп тұр. Сәйкесінше бұл күндері де демалыс күндері ретінде саналады.

Сонымен, барлық демалыс күндерін ескере отырып, қазақстандықтар мамыр айында демалады:

бес күндік жұмыс аптасында – 11 күн (1, 4, 5, 7, 9, 11, 12, 18, 19, 25, 26 мамыр);

алты күндік жұмыс аптасында – 7 күн (1, 5, 7, 9, 12, 19 және 26 мамыр).

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button