Спорт

Магомадов – Азия чемпионы!

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында қарағандылық Ибрагим Магомадов «классикалық» күрес түрінен ел қоржынына жалғыз алтын медальді салды. Сонымен қатар, тағы бір жерлесіміз Алмат Кебіспаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Аталмыш чемпионатқа 24 елден 400-ден астам спортшы қатысқан. Күрестің әр түрінен он медаль жиынтығы сарапқа салынады. Күрестің «классикалық» түрінен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қарағандылық Ибрагим Магомадов алтын медаль жеңіп алды. Бұл алтын – аталмыш күрес түрінен ел қоржынына түскен жалғыз медаль еді. Жерлесіміз ақтық кезеңде ирандық Саид Али Имталабфуманимен белдесіп, 5:2 есебімен басым түсті.

Облыс атынан қатысқан тағы бір спортшы Алмат Кебіспаев 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Ұлттық құрама командасы сегіз медаль жеңіп алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button