Қарағанды

Мұражайға саяхат

№ 65 жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы оқушылардың күзгі демалыстарының мәнді де мағыналы өтуіне аса зор жауапкершілікпен жоспар құра отырып, жүйелі түрде ұйымдастыра біледі. Күзгі демалыста белгіленген жоспарлардың бірі – мұражайға бару еді. Мектеп оқушылары мен ұстаздар ұжымы Долинка кентіндегі репрессия құрбандарының мекені болған КарЛАГ мұражайына саяхат жасады. Мұражайға барған ұстаздар мен оқушылар алған әсерлерін айтып, ой бөлісті. Мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің ұстазы Айгүл Жамантаева: «Мұндай мұражайы бар ел – келешегін ойлаған ел. Өскелең жас ұрпақ бүгінгі Тәуелсіздіктің  қандай жолмен келгенін біліп, оны құрметтеуге үйренеді. Мұражайдан алған әсеріміз шексіз», – деді. Жоғары сынып оқушылары  жазықсыз жапа шеккен, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтардың көрген қорлықтарынан сыр шертетін түрме бөлмелерінен қорқыныш сезімі ұялағанын айтты. Саяхатшылар қазақ  халқының  басынан өткерген саяси қуғын-сүргін тарихынан сусындап, маңызды мәліметтер алды. Рухани жаңғыру аясында өткен саяхат сабағының маңызы зор болды. Бүгінгі егемен елдің жеткіншектері атадан балаға мирас болған тарихи құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтайтынын айтты.

Алма ТҰЯҚОВА,

№65 жалпы білім беретін

орта мектебінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button