Бас тақырыпЖаңалықтар

МӘМС талабы – тиімді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың нәтижесінде облысымызда онкоскринингтерге бөлінген қаражат көлемі ұлғайды. Биыл онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау мақсатында 430 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Талап бойынша, отыз жастан асқан әйелдер әр төрт жыл сайын жатыр мойыны қатерлі ісігін анықтау үшін онкоскринингтен өтуі тиіс. Ал, 40 жастан асқан әйелдер әр 2 жыл сайын сүт безі қатерлі ісігіне тексерілуі керек. Сондай-ақ, 50 жастан асқан азаматтар 2 жылда бір рет артериялық гипертония, жүрек ауруы, қант диабеті және глаукома белгілерін анықтау үшін тексеруден өтуі қажет.

− Тұрғындар мекен-жайы бойынша тіркелген емханаларында тексеруден өте алады. Олар бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, өз денсаулығын ұдайы бақылауда ұстауы керек. Сонда ғана қатерлі дерттің алдын алып, дер кезінде ем-дом жасауға болады. Әр адам өз денсаулығына өзі жауапты болуы тиіс, – дейді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облыстық филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

 Аида Рахимқұлова,

ҚарМУ-дың IV курс студенті.

Басқа материалдар

Back to top button