Ресми

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакеті күшейтіледі

 

Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың тартымдылығы мен кәсібилігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қолдау тұрғысында кешенді шара қабылдау қажет. Бұл туралы МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген  кеңесінде айтты.

«Дамыған елдердің тәжірибесі  көрсеткендей оңтайландырылған   әлеуметтік жеңілдік пакеттері мен кепілдіктері мемлекеттік қызметке жоғары санаттағы  мамандарды тарту деңгейін арттырады»,- деп атап өтті төраға.

А.Жаилғанова Агенттікке тиесілі  аумақтық бөлімшелердің басшыларына жергілікті орындардағы мемлекеттік қызметшілерді қанағаттандыру деңгейіне талдау жүргізіп, бір айдың көлемінде аймақтардың  қажеттілігімен  өтініштерін ескере  отыра соңғы ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілерді қолдау мақсатында кешенді шараларды әзірлеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік.Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясында қарастырылған. 

Басқа материалдар

Back to top button