Жаңалықтар

Мәңгілік Ел. Мүдде. Мүмкіндік

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен G20 саммитіне қатысуы күрделі кезеңді басынан өткеріп келген іргелі мемлекетіміздің ілгері қадамына жаңа серпін сыйлады. Жаһандық дамуда дәл мұндай маңызды шаралардан Қазақстанның тыс қалмай, белсенділік танытатыны бізді жігерлендіре түсті. Бұл – еліміздің дамуына аса маңызды үлес қосқан ұтымды қадам. Санаулы айларда әлемнің назарын жалт қаратқалы тұрған “ЭКСПО” жайын да Елбасы тілге тиек етті. Өзекті мәселелерді шешуге арналған саммитке қатысу – бір дәреже болса, экономиканы және қаржыны халықаралық тұрғыдан реттеудегі басты рөлді біртұтас жаһандық ұйым атқаруы тиіс деген пікірді біздің Мемлекет басшысының айтуы – әлемдік аренадағы мемлекет беделінің басымдылығы деп ұқтық.

Бұған дейін де Ұлт көшбасшысы Қазақстанның осы замандағы мейлінше өзекті проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі арқылы жеткізіп, азат әлем қалыптастыру бастамасын көтергенін білеміз.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button